Бас прокуратурада 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейінің өсуі байқалған Қазақстанның өңірлері аталды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, елімізде жалпы қылмыстың — 5,3 пайызға (140 272–ден 132 778-ге дейін) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.
Қылмыстың өсімі Маңғыстауда 12,2 пайызға (3097–ден 3474-ке дейін), Атырауда 8,5 пайызға (4283–тен 4647-ге дейін), Павлодар облысында 5,6 пайызға (5039–дан 5322-ге дейін), Қызылорда облысында 4,6 пайызға (2871–ден 3003-ке дейін), Ұлытауда 2,8 пайызға (1278–ден 1314-ке дейін), Алматыда 1,6 пайыз (10223 10385-ке дейін) және Ақмола облысында 0,7 пайызына (5084–тен 5120-ға дейін) байқалады.
“Қылмыстардың көбі Алматы — 24 965 (18,8 пайыз) және Астана қалаларында— 17 339 (13,1 пайыз), Алматы — 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды — 7 562 (5,7 пайыз) облыстарында жасалған“,-делінген хабарламада.
Тарқатып айтар болсақ, жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың :
- 34 пайызы алаяқтық (45 156),
- 23 пайызы ұрлық (30 593),
- 6,3 пайызы есірткі қылмысы (8 363),
- 1,2 пайызы тонау (1 551),
- 1,2 пайызы бұзақылық (1 615),
- 0,8 пайызы мал ұрлығы (1 051),
- 0,4 пайыз–кісі өлтіру (566),
- 0,3 пайыз — зорлау (421),
- басқа да құқық бұзушылықтар 32,7 пайыз (43 462).
Ауырлығы төмен қылмыстар бойынша -7,6 пайызға (21826-дан 20178-ге дейін), ауырлығы орташа -16,8 пайызға (58874-тен 48992-ге дейін) және ауыр қылмыстар бойынша -2,2 пайызға (37548-ден 36736-ға дейін) төмендеу байқалады.
Сонымен қатар, ұрлық — 28,3 пайызға (42639 — дан 30 593 — ке дейін), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы — 30,9 пайызға (10 530–дан 7 273-ке дейін), пәтер ұрлығы–33,5 пайызға (3 566–дан 2 373-ке дейін), автокөлік ұрлығы–42,2 пайызға (258–ден 149-ға дейін). Мал ұрлығы да 30,9 пайызға (1520 — дан 1051-ге дейін) төмендеді.