UKI инвестициялық алтын монетасы айналымға шықты – 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

UKI инвестициялық алтын монетасы айналымға шықты

45

Елде UKI инвестициялық алтын монетасы айналымға шықты.

Ұлттық банктің мәліметінше, жаңа төлем құралының цифрлық баламасын Астана халықаралық қаржы орталығы биржасының «Табыс» қосымшасында бөліп-бөліп сатып алуға болады. Мұндай тәжірибе елде алғаш рет енгізіліп отыр. Ұлттық банк Gold Coin жобасын іске асырып жатыр. Бұрын тұтынушылар инвестициялық монетаны филиалдарға барып сатып алса, енді цифрлық баламасын қолдануға болады. Сондай-ақ монетаны басқа адамға онлайн сатуға немесе сыйлауға да мүмкіндік бар.
Алтын монетаға қолжетімділікті арттыру үшін бөліп сатып алу қызметі қарастырылған. Яғни кез келген адам  АІХ биржасының «Табыс» қосымшасы арқылы монета құнының 20-дан бір бөлігін төлеп отыра алады. Қазір бұл инвестициялық платформаға 60 мыңнан астам адам тіркелген.
Жаңа алтын монетаның әзірге 1500 данасы шығарылды. Ұлттық банк алдағы жылы инвестициялық құралдардың санын арттыра түспек.