Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды – 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

31

Павлодар облысында жолкөлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шекті.

5 сәуірде ҚызылордаПавлодар автожолының 1153 шақырымында Chevrolet Cobalt жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кюветке аударылды. Жол – көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Әр түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

ТегтерДТП