
Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 144 отбасы арендалық пәтермен қамтылды.
Оның ішінде 17 пәтер көпбалалы отбасыларға, 106 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 21 пәтер табысталып, бүгінде келісімшарттар жасалуда. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бағдарламалар арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл қаланың әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Бағдарламалар шеңберінде көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілуде.