Шымкент: Баланы ұрғаны үшін – тәрбиеші қамауға алынды – 17news.kz ақпараттық-сараптамалық сайты

Шымкент: Баланы ұрғаны үшін – тәрбиеші қамауға алынды

37

Ұсталған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Істі қозғауға үйіне жарақатпен және аяқ-қолы “көгеріп” келген баланың анасының өтініші себеп болды. Ата-аналардың талаптарынан кейін олар қатыгездік эпизодтары жазылған бейнебақылау жазбасына қол жеткізді.

Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды.

Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеруде, куәгерлерден түсініктеме алынды.  Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.